Все вопросы на почту:
site@mangystau-online.kz
Курс валют доллара евро рубля в Казахстане
Афиша
5-03-2016, 13:22

Маңғыстау жастары «ДОМБЫРА PARTY»-ге шақырады!

Маңғыстау жастары «ДОМБЫРА PARTY»-ге шақырады!
Просмотров: 814

2016 жылдың наурыз айының 6 шы жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстаудың ерікті де белсендi жастары "домбыра party " ұйымдастырды. Ән мен күйге бөлеген бұл шара алғаш өтіп тұрған жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту жасап, таң қалдырып, таңдай қақтырған бұл шара өңірімізде ұдайы өткізіліп келеді. Еліміздің әр облысында ұйымдастырылып жатқан бұл шараны Ақтаулықтар да алғаш рет өткізіп тұрған жоқ. Осыған дейін де домбырасын иығына іліп, шаһарды әнмен тербеген өнерлі жастар бірнеше рет бас қосқан болатын. Шараның басты мақсаты жастар арасында ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды молайту, ұлттық музыка мен ұлттық музыкалық аспаптарды насихаттау болып табылады. Нағыз қазақ – домыбыраның құлағында ойнайтындар мен өнерсүйер жастар жиналған "Домбыра party" жоғары деңгейде өтті деуге әбден болады. Қоңыр домбыраның үнін халық құлағына сіңдіруге септігін тигізетін мұндай шаралар керек-ақ! Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз,- дейді жиналған көпшілік.

Поделиться новостью: